Шахматта да енді VAR жүйесі қолданылмақ

©

Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) алғаш рет жарыстардарда видеокөмекші ретінде VAR жүйесін іске қоспақ. Бұл ойынның әділ әрі шынайы өтуіне септігін тигізеді деп күтілуде. 

VAR жүйесі көптеген спорт түрлерінде сәтті қолданылып келеді. Ал шахматта алғаш рет биылғы Батыс Азия жастары чемпионатында idChess технологиясы негізінде тәжірибе жүзінде сынақтан өткізіледі. 

Шахматтағы жаңа жүйе үш жағдайда қолданылады:

даулы сәттер (ойыншының бірі ереже бұзу жағдайы бойынша төреші көмегіне жүгінгенде);
шолу және VAR ұсынысы (ойын кезінде idChess платформасы арқылы төреші трансляцияны тоқтатып, ойынның шолуын көре алады, сондай-ақ ойыншылардың тәртібін де бақылай алады);
шешім қабылдау (төреші ойынды қадағалап шешім қабылдай алады).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар