Шахматтан Өзбекстанның ерлер құрамасы Ченнай (Үндістан) қаласында өткен Бүкіләлемдік шахмат Олимпиадасында топ жарды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Соңғы турда Өзбекстан құрамасы Нидерландыны 2,5-1,5 есебімен ұтты.
Осылайша, 11 ойыннан кейін 8 жеңіс, 3 тең нәтижесі бар Өзбекстанның ерлер құрамасы бұл Олимпиадада топ жарды.
Ал күміс жүлде Армения құрамасында болса, қола жүлдені Үндістанның екінші құрамасы иеленді.
Қазақстан құрамасы болса 11-ші күннің ойындарына дейін 20 орында тұрды. Бүгін біздің шахматшылар Үндістанның үшінші құрамасымен 2-2 есебімен тең ойнады.