Қазақтың 8 жастағы баласы шахматтан Латвияның экс-министрін жеңді

©

Қазақстандық жас шахматшы Кәрім Айтжан Латвияның экс-министрі, гроссмейстер Дана Рейзнице-Озоланы жеңді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Латвиялық шахматшы Алматы және Астана академияларының 24 студентімен ойнаған. 8 жастағы қазақстандық қатысқан ойын ең ұзаққа созылған ойынның бірі болған.

"Елордалық шахмат мектебінің оқушысы 8 жастағы Кәрім Айтжанның тақтасында гроссмейстер Дана Рейзнице-Озола әдеттегіден ұзағырақ тұрып, жүрістері туралы ұзақ ойланды. Нәтижесінде блиц бойынша Азияның күміс жүлдегері Кәрім Айтжан гроссмейстермен өткен ойында жеңіске жетті", - делінген Қазақстан шахмат федерациясының хабарламасында.

Кездесу Алматыда өтіп жатқан блиц және рапид бойынша әлем чемпионаты аясында өтті.

"Жеңгеніме сенбедім. Гроссмейстермен ойнаудың артықшылығын көрдім, тіпті тепе-тең де ойнадық, бірақ кейін мен ойынның бағытын өзгерте бастадым. Әрине, бұл оңай болған жоқ. Гроссмейстермен ойнау қиын", - дейді жас шахматшы.

Гроссмейстер Рейзнице-Озоланың ФИДЕ басқарушы директоры қызметін атқаратынын айта кеткен жөн. Бұрын ол Латвияның экономика және қаржы министрліктерін басқарған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар