Қазақстандық шахматшы қыздар әлем чемпионатында күміс иеленді

©

Қазақстандық шахматшы қыздар Польшаның Быдгош қаласында өткен командалық әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Бұл команданың тарихи жүлдесі. Себебі бұған дейін отандастарымыз ширек финалдан аса алмаған, деп хабарлайды Мassaget.kz

Қазақстандық шахматшылар финалда Грузия әйелдер құрамасына жол беріп алды. Бірінші финалдық ойында 1,5 - 2,5, екінші финалдық ойында 0,5 - 3,5 есебімен есе жіберді. 

Командалық әлем чемпионатында Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серікбай, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова бен Әмина Қайырбекова ел намысын қорғады. 

Қола жүлде үшін өткен ойында АҚШ құрамасы Францияны ұтты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар