Шахматы
16 қазан 11:01

Қазақстандық жас шахматшылар әлем чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

©Қазақстан шахмат федерациясы

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы 4‑15 қазан аралығында Дуррес қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында (FIDE World Youth Chess Championships 2025) керемет жетістікке қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты. 

Марк Смирнов пен Эдгар Мамедов әлем чемпионы атанса, Сауат Нұрғалиев күміс медаль еншіледі. 

Жарысқа 84 елден 711 шахматшы қатысты. Турнир аясында швейцариялық жүйе бойынша бірінші 40 жүріске 90 минут, партияның соңына дейін 30 минут берілетін және әр жүріс үшін 30 секунд қосылатын классикалық уақыт бақылауымен 11 тур өтті.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kazakhstan Chess Federation (@kzchessfederation)

13 жасар Марк Смирнов 11 ұпайдан 9½ жинап, 14 жасқа дейінгі бозбалалар (O14) арасында әлем чемпионы атанды. Алматылық спортшы Қытай шахматшысы Цзян Хаочэнді (8½ ұпай) басып озып, соңғы турда Польшаға өкілдік еткен Петр Бжезинді 34 жүріспен анық жеңді. Бұл Марктың екінші алтын жүлдесі: 2022 жылы ол 10 жасқа дейінгілер санатында күміс медаль алды, ал 2023 жылы 12 жастағы спортшылар арасындағы чемпионатта жеңімпаз атанды. Албанияда ол сондай-ақ екінші халықаралық шебер нормасын орындады.

15 жастағы Эдгар Мамедов 8 ұпай жинап, 16 жасқа дейінгі бозбалалар (O16) арасында әлем чемпионы атанды. Дәл сондай нәтижеге қол жеткізген Сауат Нұрғалиев Бухгольц коэффициенті бойынша екінші орынға ие болды. Шешуші турда Сауат Үндістан шахматшысы Ваза Этанмен партияда 123 жүріс жасап, ойынды тең нәтижемен аяқтады. 8 ұпайдан алып, алты қарсыласынан басым түскен Эдгар мен Сауат тамаша ойын көрсетті.

Әлем чемпионатына Қазақстан атынан 14, 16 және 18 жасқа дейінгілер санатына кіретін 44 спортшы қатысты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport