auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Журналистер Aikyn media open-де бақ сынады

Суырылып үздік шыққан тілшіге Air Astana әуекомпаниясы Тегеранға бизнесс-класқа екі билет табыстады.

Журналистер Aikyn media open-де бақ сынады
Алматыдағы Оқушылар сарайында журналистер мен блогерлер арасында шахматтан турнир өтті. Aikyn media open сайысына жалпы саны 30 адам қатысты. Демалыс күнін тиімді пайдаланған БАҚ өкілдері ой сергітіп қана қоймай, ұйымдастырушылар тарапынан берілген сыйлықтарға ие болды.

Еліміздегі беделді басылымдардың бірі "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси газеті 13 жылдық мерейтойына орай осындай шараны қолға алды. Төртінші билік иелерінің басын қосқан турнирге жас журналистерден бастап ардагерлерге дейін қатысты. Ойын швейцар үлгісінде өткендіктен, жеңіске жету мүмкіндігі жоғары еді. Яғни жалпы саны 7 турда жинаған ұпай сандары есептеліп, қорытынды шығарылады.

Суырылып үздік шыққан тілшіге Air Astana әуекомпаниясы Тегеранға бизнесс-класқа екі билет табыстады. Жеңімпаз аталған жолдамамен Иранның астанасына осы жылдың аяғына дейін қалаған күнінде бара алады.

Осыған дейін БАҚ өкілдері арасында өткізілген талай турнирде топ жарған Арсилан Алахуновқа бас жүлде бұйырды. "Ұйғыр авази" республикалық қоғамдық-саяси газетінің тілшісіне ғана есе жіберген жас блогер, шахматтан І-рарзрядқа ие Қуаныш Сүлейменге екінші орын бұйырып, "Кернеу Limited" атынан планшет табысталды. Қола жүлдеге талас қызу болды. Жарыс қорытындысында ұпай сандары тең түскен төрт ойыншыға да үшінші орын берілді.

Дегенмен коэффициент бойынша Құмар Бақдәулет басым түсіп, планшет иегері атанды. Сәйкесінше, Байпейісов Асқат, Қаматаев Қанат пен Түсіпхан Нұрбек есімді журналистер де жүлделі үшінші орынды иеленді. Бұдан бөлек белсенді қатысқан бірқатар тілшілерге бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен бірге Нұртөре Жүсіптің "Мың құмырсқа және БІЗ" кітабы мен Ермахан Шайхының "Қоңыр қажының күнделігі" кітабы келгендерге үлестіріп берілді. Шахмат турнирін өткізуді дәстүрге айналдырамыз дейді газет басшысы.

"Газетіміз биыл бір мүшелге келіп отыр. Осы айтулы мерекені қалай өткізсек деп көп ойландық. Нәтижесінде шахматтан турнир өткізуге бел байладық. Бұл арқылы журналистердің қолынан шахмат ойнау келетінін көрсетіп, мықтылар ойынын кеңірек насихаттағымыз келді. Елімізге белгілі жас шахматшы Жансая Әбдімәліктің шахмат академиясы ашылды. Ұсынысымызды жерге тастамай, осы жерде өткізуімізге келісім берді. Осы шараның өтуіне ат салысқан барша жандарға алғыс білдіргіміз келеді. Турнирді алдағы уақытта дәстүрлі түрде ұйымдастырып тұрамыз деген жоспармыз бар", - дейді турнир туралы өз ойын ортаға салған "Айқын" газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп.


     

Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар