Жансая Әбдімәлік Гибралтардағы Гран-приде көш бастап келеді

Жансая Әбдімәлік. Сурет: David Llada©

Гибралтарда шахматтан әйелдер арасындағы Гран-при өтіп жатыр. Бес тур қорытындысы бойынша қазақстандық Жансая Әбдімәлік көшбасшылар қатарында келеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жансая бастапқы екі ойында жеңіске жетіп, жалпы есепте көш бастады. Одан кейінгі үш кездесудің бірінде ұтып, екеуінде тең ойнады.  

Осылайша, Жансая алтыншы тур алдында төрт ұпай жинады. Украиналық Мария Музычук те осынша балл жинаған. Алдағы турда екі шахматшы бір-бірімен ойнайды.

Метки:
Жаңалықтар