Жансая Әбдімәлік Алматы шахмат федерациясының президентігіне тағайындалды
Алматыда Шахмат федерациясы құрылып, ұйымның президенті болып Жансая Әбдімәлік тағайындалды.
Алматыда Шахмат федерациясы құрылып, ұйымның президенті болып Жансая Әбдімәлік тағайындалды.
Жаңа ұйым Алматы шахмат одағынан шыққаннан кейін аккредитациядан өтіп, қалада шахмат мәдениетін дамытпақ.
"Федерация 2024 жылға дейін төрт негізгі бағытты дамытуды жоспарлап отыр: азаматтар арасындағы бұқаралық спорт, мектептегі шахмат, элиталық спорт, сондай-ақ ардагерлерді қолдау", - деді Жансая Әбдімәлік.
Жансая Әбдімәліктің әкесі, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Данияр Әшіров Жансаяның халықаралық турнирлер мен оқу-жаттығу жиындарына қатысуда үлкен тәжірибесі бар белсенді спортшы екені федерация үшін үлкен артықшылық болатынын атап өтті.
"Қазақстаннан шыққан шахматтан тұңғыш әлем чемпионының өзі туып-өскен қалада - Алматы шахмат федерациясының президенті болуының символдық мәні бар. Жансаяның келуімен жағдай жақсы жаққа өзгереді: Алматыда шахматты дамыту үшін турнирлерге, элиталық шахматшылар мен басқа елдер жаттықтырушыларын шақыруға мүмкіндіктер ашылады", - деді Данияр Әшіров.
Жарнама