Бибісара Асаубаева Делидегі Гран-придің шешуші кезеңіне шақырту алды

©Әлеуметтік желіден

Бибісара Асаубаева Делиде өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приінің 3-кезеңінде 2-орын алды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық шахматшы шешуші, 11-турда Катерина Лагномен тең түсіп, 6 ұпай жинады.

Бүгін қытайлық Чжу Цзинер мен ресейлік Александра Горячкина да тең ойнап, 6 ұпайға қол жеткізді. Үш шахматшының еншісінде бірдей балл. Бибісара жекелеген көрсеткіш бойынша 2-орын алды. Ал бұл кезеңде ресейлік гроссмейстер Александра Горячкина тай-брейк бойынша жеңіске жетті.

Бірдей ұпай жинаған 3 ойыншы 37 мың еуро сыйақы мен 400 ұпайды бірдей бөліседі.

Айта кетейік, Гран-придің шешуші 4-кезеңі Кипр астанасы Никосияда 15-28 мамыр күндері өтеді. Бибісара бұл кезеңге шақырту алған 12 шахматшының арасында бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар