auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Алматыдағы әлем чемпионатында хиджабсыз шыққан ирандық шахматшы шетелге бас сауғалады

Алматыдағы әлем чемпионатында хиджабсыз шыққан ирандық шахматшы шетелге бас сауғалады
©dynamo.kiev.ua

2012 жылдан бері әлемдегі мықты шахматшылардың бірі - 25 жастағы Сарасадат Хадемалшарие Қазақстандағы жылдам шахмат және блиц бойынша әлем чемпионатына қатысқаннан кейін тұрғылықты жерін Испанияға ауыстыруға мәжбүр. Оның себебі - оның ойынға хиджабсыз шығуы. Ол ирандық режим тарапынан қауіпті жазалауға ұшырауы мүмкін.

Бірнеше дерек көздерінде ирандық шахматшы мен оның отбасысында Испанияда үйі бары айтылады, бірақ спортшының Испанияда тұруына ықтияр хаттың бар-жоғы белгісіз.

Иран шахмат федерациясының басшысы Хасан Тамини Алматыдағы шахмат бойынша әлем чемпионатында орамалсыз ойнаған Сарасадат Хадемалшарие республиканы таныстырмайтынын айтты.

"Хадем чемпионатқа Иран федерациясы арқылы емес, өз бетінше, өз қаражатына кетті. Бірақ біз бұл шахматшыдан мұндай әрекет күтпедік, себебі ол бұған дейін турнирлерге барлық стандартттарға сай қатысып жүрді", - деді ол.

Сарасадат Хадемалшарие Алматыдағы чемпионатта орамалын шешкен жалғыз шахматшы емес. Басқа ирандық шахматшы Атуса Пуркашьян да солай істеген болатын. Алайда Хадем мен Пуркашьян өз әрекеттерінің себебін айтпады. Көпшілік олар Ирандағы наразылықтарға қолдау ретінде хиджабтарын шешті деп тұжырымдады.

Иранда шамамен үш ай бұрын "хиджабты дұрыс кимегені үшін полицейлер соққысынан" қайтыс болған Махса Аминидің өліміне байланысты жаппай наразылық басталған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама