Шахмат
30 наурыз 2017 19:55
 

А. Мұхамедиұлы шахматтан төрт дүркін әлем чемпионымен кездесті

  Пікірлер

blog.share

А. Мұхамедиұлы шахматтан төрт дүркін әлем чемпионымен кездесті Фото: mks.gov.kz сайтынан

Бүгін Мәдениет және спорт министрлігінде министр Арыстанбек Мұхамедиұлы мен шахматтан төрт дүркін әлем чепионы Динара Сәдуақасованың кездесуі өтті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Танымал шахмат ханшайымы министрге жаңа жетістіктері жөнінде баяндады. Осы жылы Динара Вьетнамда өткен HD Bank Cup International Open Chess 2017 халықаралық турнирінде әйелдер арасында бірінші орын алып, өзінің рейтингіндегі орнын жетілдірген болатын. Рейтингтегі беделі өскен Динара Сәдуақасова әлемнің 30 үздік әйелдерінің қатарына енген алғашқы қазақстандық шахматшы болды.      

Министр мен шахматшы жастарды шахматқа баулу арқылы дамыту тетігін енгізу, жастарды спортқа тарту, елдегі бұқаралық спортты дамыту мәселелерін талқылады.    

Динара Сәдуақасова елімізде шахматты насихаттаумен белсенді айналысады. Өткен жылы Астанада Динара Сәдуақасованың шахмат академиясы ашылды. 2013 жылдан бастап Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің студенттері мен оқытушыларының бастамасы бойынша Динара Сәдуақасованың шахмат клубы ашылған. Университет жыл сайын  «Гроссмейстер Сәдуақасованың кубогы» шахмат турнирін өткізеді. 

Қазақстандық шахматшы сондай-ақ, «Шахматтағы алғашқы қадам» атты өзінің кітабын қайта шығармақшы. Бұл кітап көптеген жас шахматшылар үшін сүйікті кітапқа айналған. 

А. Мұхамедиұлы спортшы қыздың белсенді қоғамдық көзқарасын қолдады.

«Шахмат арқасында біздің балаларымыз мен жасөспірімдеріміз ой-өрісін, эмоциялық тұрақтылығын дамытып, стратегиялық және тактикалық ойлану, сабырлылық таныту, есте сақтау қабілетін, сондай-ақ үйлесімді физикалық және интеллектуалдық дамуын қалыптастыра алады» - деп атап өтті министр.

Әңгіме барысында Динара бос уақытында шахматтан басқа, музыка, жүзумен айналысып, тілдер үйренетіндігін атап өтті. Ол сондай-ақ, П. Чайковский атындағы музыкалық мектепті фортепиано классы бойынша үздік бітірген.

blog.share
Бүгін Мәдениет және спорт министрлігінде министр Арыстанбек Мұхамедиұлы мен шахматтан төрт дүркін әлем чепионы
Динара Сәдуақасованың кездесуі өтті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Танымал шахмат ханшайымы министрге жаңа жетістіктері жөнінде баяндады. Осы жылы Динара Вьетнамда өткен HD Bank Cup International Open Chess 2017 халықаралық турнирінде әйелдер арасында бірінші орын алып, өзінің рейтингіндегі орнын жетілдірген болатын. Рейтингтегі беделі өскен Динара Сәдуақасова әлемнің 30 үздік әйелдерінің қатарына енген алғашқы қазақстандық шахматшы болды.      

Министр мен шахматшы жастарды шахматқа баулу арқылы дамыту тетігін енгізу, жастарды спортқа тарту, елдегі бұқаралық спортты дамыту мәселелерін талқылады.    

Динара Сәдуақасова елімізде шахматты насихаттаумен белсенді айналысады. Өткен жылы Астанада Динара Сәдуақасованың шахмат академиясы ашылды. 2013 жылдан бастап Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің студенттері мен оқытушыларының бастамасы бойынша Динара Сәдуақасованың шахмат клубы ашылған. Университет жыл сайын  «Гроссмейстер Сәдуақасованың кубогы» шахмат турнирін өткізеді. 

Қазақстандық шахматшы сондай-ақ, «Шахматтағы алғашқы қадам» атты өзінің кітабын қайта шығармақшы. Бұл кітап көптеген жас шахматшылар үшін сүйікті кітапқа айналған. 

А. Мұхамедиұлы спортшы қыздың белсенді қоғамдық көзқарасын қолдады.

«Шахмат арқасында біздің балаларымыз мен жасөспірімдеріміз ой-өрісін, эмоциялық тұрақтылығын дамытып, стратегиялық және тактикалық ойлану, сабырлылық таныту, есте сақтау қабілетін, сондай-ақ үйлесімді физикалық және интеллектуалдық дамуын қалыптастыра алады» - деп атап өтті министр.

Әңгіме барысында Динара бос уақытында шахматтан басқа, музыка, жүзумен айналысып, тілдер үйренетіндігін атап өтті. Ол сондай-ақ, П. Чайковский атындағы музыкалық мектепті фортепиано классы бойынша үздік бітірген.

Жарнама

Живи спортом!