Қазақстандық шахматшы Елназ Қалиахмет (рейтингі - 2218) Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан Әлем кубогінің үшінші кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Екінші кезеңде Қазақстан чемпионы турнир иесі Нино Бациашвилимен (рейтингі - 2450) кездесіп, халықаралық гроссмейстерді 1,5:0,5 есебімен ұтты. Осылайша, Қалиахмет жарыстың 16-нөмірлі фаворитін жарыс жолынан шығарды.
Үшінші кезеңде Елназ Қалиахмет қазіргі таңда Польша намысын қорғап жүрген ресейлік Алина Кашлинскаямен (рейтингі - 2459) немесе Өзбекстан өкілі Умида Омоновамен (рейтингі - 2211) кездеседі. Бұл жұпта классикалық партиялардан кейін есеп тең - 1:1 (екі тең ойын).
♟ FIDE Women’s World Cup Day 5: ?? WFM Elnaz Kaliakhmet (born in 2010) eliminates local ?? GM Nino Batsiashvili!
— International Chess Federation (@FIDE_chess) July 10, 2025
Nonetheless, Georgia will still be well represented by GM’s Nana Dzagnidze, Bella Khotenashvili, Lela Javakhishvili and IM Meri Arabidze, all of whom qualified… pic.twitter.com/drMJ5MhT2X
Айта кету керек, бұған дейін 19 жастағы қазақстандық Меруерт Қамалиденова (рейтингі - 2330) сенсациялық жеңіске жетті. Екінші кезеңнің алғашқы партиясында ол қазіргі Кубок иегері, ресейлік Александра Горячкинаны (рейтингі - 2533) жеңді. Алайда екінші партияда қарсыласы есепті теңестірді. Енді бұл жұптағы жеңімпаз тай-брейкте - жедел және блиц шахматтарында анықталады.
Дүниежүзілік кубок нокаут жүйесі бойынша өтеді. Турнирге 107 шахматшы қатысуда. Жалпы жүлде қоры - 691 250 АҚШ доллары. Жеңімпаз 50 000 доллард және әлем чемпионы атағы үшін өтетін үміткерлер турниріне жолдаманы иеленеді.
Жарнама