Бокс
Кеше 10:10
 

Іздеуге берілді. Олимпиада чемпионы президент сыйымен ақымақтық жасады

  Пікірлер

blog.share

Іздеуге берілді. Олимпиада чемпионы президент сыйымен ақымақтық жасады ©Өзбекстанның спорт министрлігі

Париж Олимпиадасының чемпионы Асадхужа Муйдинхужаев Өзбекстанда жол ережесін бұзғаны үшін жазаға тартылады. 

blog.share

Париж Олимпиадасының чемпионы Асадхужа Муйдинхужаев Өзбекстанда жол ережесін бұзғаны үшін жазаға тартылады. 

"Газеты.uz" мәліметінше, боксшы Ташкенттегі көшелердің бірінде "Президент сыйы" деген жазуы бар Tahoe көлігімен сағатына 110 шақырым жүріп, онысын Instagram желісіне салыпты. Ролик одан кейін бірден желіден алынып тасталды. 

Ташкенттің құқық қорғау органдары материалды қарауға алыпты.

"Заңды шешім қабылданады", - делінген ведомство хабарламасында.

Ішкі істердің бас басқармасының баспасөз хатшысы Кахрамон Худойберганов "Дарё" басылымына көлік қазіргі таңда іздестіріліп жатқанын хабарлады. 

"Заң бәріне бір, әрбір заң бұзушылықтың артында жаза бар. Көлік жақын арада табылып, шара қолданылады, бұл туралы кейін тағы хабарлаймыз", - дейді ол. 

Айта кетейік, блогерлер мен қоғам боксшының бұл ісін сынға алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!