Британиялық Sky Sports Boxing телеарнасы орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) арсеналындағы ең басты соққыны атады.
"Головкиннің зәреңді алатын джебі. GGG джебі жазалап отырады. Қазір әлемдік бокста ең мықты джеб кімде?", - делінген видеоролик жазбасында.
Кейінгі рет Головкин былтыр Нью-Йоркте жұдырықтасып, украиналық Сергей Деревянченконы төрешілер шешімімен жеңді де, екі титул иеленді.
GGG рингке тамызда оралады деп күтілуде, ал қарсылас рольшалық Камил Шеремета.