Қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой бокста алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ол 2 қараша Алматыдағы бокс кешінде жұдырықтасады. Жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған. Қарыслас әзірге белгісіз.
Айта кетейік, Еркебұлан мұның алдында өзін ММА-де сынап көрген. Ол октагонда төрт жеңіске жетіп, екі рет жеңілген. Сонымен қоса, ол бір рет жалаң жұдырық айқасып, жеңіске жеткен болатын.