loVMEQOqdA3rXEkLqDSY5FIqkmRTBMxknPOT8Bv8
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Ызаландырып қойды. Головкин DAZN ішіне іріткі салды

Ызаландырып қойды. Головкин DAZN ішіне іріткі салды
Сурет: fightsaga.com
DAZN стриминг қызметінің сарапшылары - жүргізуші Крис Мэнникс пен әлемнің бұрынғы чемпионы Серхио Мора қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) үшінші жекпе-жегіне қатысты келісе алмады.

Мұның алдында GGG бірінші польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) содан кейін ғана "Канеломен" жұдырықтасатынын мәлімдеген.

Мэнникс қазақстандықтың ұстанымын қабылдай алмады: "Неге мұндайға келіспейміз дейсіз бе? Меніңше, бұл алжасқандық. "Канеломен" жекпе-жек DAZN платформасына жазылушыларды алып келуші.  Бұл НВО-да болғандай pay-per-view деңгейіндегі айқас. Шереметамен жекпе-жек HBO Championship деңгейіне әзер жетеді және Головкинмен ешкім жұдырықтасқысы келмеген уақыттарда табылған кездесулермен ғана тең. Вилли Монромен жекпе-жекке деңгейлес. 

"Канело" болса келісіп тұр. Міне үлкен келісімшарт. "Канеломен" шығып, қомақты қаржы аласың немесе Шереметамен жұдырықтасып, осы үшін кім ақша береді екен деп қарайсың. Бұл қызық қой".

Головкин "Канеломен" үшінші рет жұдырықтасуға тырысуын доғарды

Ал Мора боксшы ретінде Головкинді қолдады: "Боксшы болғандықтан айтайын, Геннадий дұрыс істеп отыр. Ол рингке бір жыл шықпағандықтан қыздырынып алу керек. Ал жанкүйер ретінде айтсам, әрине, "Канеломен" трилогияны көргіміз келеді. Головкин 38 жаста, бір жыл жұдырықтаспады, ал бұл жекпе-жек биыл емес, келесі жылы өтсе не боларын білмейміз. Бұл пандемия екі боксшыға қалай әсер етерін де білмейміз. 38 жаста Головкиннің денесі өзіне қалай бағынатынын кім білсін? Иә, "Канеломен" жекпе-жекте созбалақтамай дереу тамашалағым келеді, бірақ, GGG-ді де түсінемін. Бұл Головкин және Джонатон Бэнкс үшін де дұрыс қадам". 
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар