World Boxing ұйымының Атқарушы кеңесі Беларусь, Кипр, Мозамбик, Ниуэ, Папуа - Жаңа Гвинея, Ресей, Танзания, Тонга және Замбия бокс федерацияларының ұйымға кіру өтінімдерін мақұлдады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Осылайша, ұйым құрамындағы ұлттық федерациялар саны 168-ге жетті.
Барлық федерациялар қатаң тексерістен өтті: басшылық сайлауының ашықтығын көрсетті, WADA мойындаған допингке қарсы бағдарламаларды енгізді және дауларды тәуелсіз түрде шешу тетіктерін ұсынды.
Ресей мен Беларусь федерацияларының өтінімдері мақұлданғанына қарамастан, World Boxing олардың қатысу шарттарын Халықаралық Олимпиада комитетімен (МОК) нақтылайтынын мәлімдеді. Алдын ала болжам бойынша, бұл елдердің боксшылары AIN ("бейтарап жеке спортшылар") мәртебесімен, яғни ту мен әнұрансыз өнер көрсетеді.
Кипр, Мозамбик, Ниуэ, Папуа - Жаңа Гвинея, Танзания, Тонга және Замбия федерациялары 2026 жылы Глазгода өтетін Достастық ойындарының бокс турниріне қатыса алады.
"Мақұлданған мүше" мәртебесі федерацияларға жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді, алайда, 2026 жылғы Конгрессте дауыс беру құқығын бермейді. Ал "толыққанды мүше" мәртебесін беру мәселесі 2026 жылғы Конгрессте қаралады.