World Boxing халықаралық ұйымы бұрымды боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Назым Қызайбай 48 келіге дейінгі салмақта бірінші орныннан айырылып, екінші позицияға түсті. Оны Үндістан боксшысы Минакши басып озып, көш бастап отыр.
Ал Аида Әбікеева (65 кг дейін) мен Наталья Богданова (70 кг дейін) өз салмақтарында көшбасшылықтарын сақтап қалды.
Қазақстандық боксшылардың рейтингтегі орындары келесідей:
? 48 кг дейін. 2-орын — Назым Қызайбай
? 51 кг дейін. 2-орын — Алуа Балқыбекова
? 51 кг дейін. 11-орын — Жазира Орақбаева
? 51 кг дейін. 11-орын — Жансая Рахымберді
? 57 кг дейін. 10-орын — Карина Ибрагимова
? 57 кг дейін. 13-орын — Ұлжан Сәрсенбек
? 57 кг дейін. 17-орын — Айдана Забынбекова
? 60 кг дейін. 3-орын — Виктория Графеева
? 65 кг дейін. 1-орын — Аида Әбікеева
? 70 кг дейін. 1-орын — Наталья Богданова
? 75 кг дейін. 13-орын — Надежда Рябец
? 80 кг дейін. 6-орын — Гүлсая Ержан
? 80 кг дейін. 10-орын — Диана Мағауяева
? 80 кг жоғары. 3-орын — Елдана Тәліпова
? 80 кг жоғары. 9-орын — Әсел Тоқтасын.
Жарнама