1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Бүгін 09:55
 

World Boxing қазақстандық алты боксшыны әлемде ең мықты деп таныды

  Пікірлер

blog.share

World Boxing қазақстандық алты боксшыны әлемде ең мықты деп таныды © Instagram/@boxingkazakhstan

World Boxing ұйымы жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады. Бұл тізімге Қазақстан құрамасының бірден 30 өкілі - 15 ер және 15 әйел боксшы енді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

World Boxing ұйымы жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады. Бұл тізімге Қазақстан құрамасының бірден 30 өкілі - 15 ер және 15 әйел боксшы енді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандықтар - әлемдік рейтинг көшбасшылары

Қазақстаннан алты боксшы өз салмақ дәрежелерінде бірінші орынға көтерілді:

Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін)
Махмұт Сабырхан (55 келіге дейін)
Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін)
Айбек Оралбай (90 келіден жоғары)
Аида Әбікеева (65 келіге дейін)
Наталья Богданова (70 келіге дейін)

Ерлер рейтингі

Ерлер арасындағы рейтингте Қазақстанның 15 боксшысы тіркелген:

50 келіге дейін: Санжар Тәшкенбай — 1-орын
55 келіге дейін: Махмұт Сабырхан — 1-орын, Нұрсұлтан Алтынбек — 13-орын
65 келіге дейін: Ертуған Зейнуллинов — 7-орын
70 келіге дейін: Төрехан Сабырхан — 1-орын
75 келіге дейін: Сабыржан Аққалыков — 10-орын
80 келіге дейін: Нұрбек Оралбай — 2-орын, Санжарәлі Бегалиев — 13-орын, Диас Молжігітов — 17-орын
85 келіге дейін: Сұлтанбек Айбарұлы — 5-орын, Дәулет Төлемісов пен Бекзат Нұрдәулетов — 12-орын
90 келіге дейін: Сағындық Тоғамбай — 8-орын
90 келіден жоғары: Айбек Оралбай — 1-орын, Даниял Сапарбай — 14-орын

Әйелдер рейтингі

Әйелдер рейтингінде де Қазақстанның 15 боксшысы бар:

48 келіге дейін: Назым Қызайбай — 2-орын
51 келіге дейін: Алуа Балқыбекова — 2-орын, Жазира Орақбаева мен Жансая Рахимберді — 11-орын
57 келіге дейін: Карина Ибрагимова — 10-орын, Ұлжан Сәрсенбек — 13-орын, Айдана Забынбекова — 17-орын
60 келіге дейін: Виктория Графеева — 3-орын
65 келіге дейін: Аида Әбікеева — 1-орын
70 келіге дейін: Наталья Богданова — 1-орын
75 келіге дейін: Надежда Рябец — 13-орын
80 келіге дейін: Гүлая Ержан — 6-орын, Диана Мағауяева — 10-орын
80 келіден жоғары: Елдана Тәліпова — 3-орын, Әсел Тоқтасын — 14-орын

World Boxing — 2023 жылдың сәуір айында құрылған әуесқой бокс саласындағы жаңа ұйым. Ол Олимпиадалық бағытты басқару және спорттағы ашықтықты арттыру мақсатында құрылған.

Ұйым соңғы жылдары дағдарысқа ұшыраған IBA-ға балама ретінде пайда болды және Халықаралық Олимпиада комитетімен мойындалды. World Boxing-тің басты мақсаты — боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында сақтап қалу және оның халықаралық деңгейде дамуын қамтамасыз ету.

Ұйым президенті болып 23 қарашада қазақстандық Геннадий Головкин сайланды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!