Бокс
Бүгін 10:25

World Boxing қазақстандық әлем чемпионына қатысты шешімін жариялады

©ҚР ҰОК

World Boxing халықаралық ұйымы әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады. Онда Қазақстан бокс құрамасының көшбасшыларының бірі Төрехан Сабырхан 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сабырхан әлемдік рейтингтегі орнын нығайтты

Рейтингтің қараша айындағы нұсқасында 2025 жылғы әлем чемпионы әрі 2026 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы 2425 ұпай жинаған. Қазақстандық боксшыға ең жақын қарсылас - иорданиялық Зейяд Ишаиш. Оның еншісінде 2000 ұпай бар. Үшінші орынды 1450 ұпаймен жапониялық Севон Окадзава иеленді.

Осылайша, Сабырханның рейтингтегі екінші орынға қарағанда басымдығы 425 ұпай болса, үшінші орынмен арадағы айырмашылық 975 ұпайды құрайды.

World Boxing рейтингінің үздік ондығы (70 келіге дейін):

Төрехан Сабырхан (Қазақстан) - 2425 ұпай;
Зейяд Ишаиш (Иордания) - 2000;
Севон Окадзава (Жапония) - 1450;
Рикардо Куэльо (Доминикан Республикасы) - 800;
Сергей Колденков (Ресей) - 800;
Макан Траоре (Франция) - 675;
Одел Камара (Англия) - 675;
Наби Исгандаров (Әзербайжан) - 575;
Шавкатжон Болтаев (Өзбекстан) - 525;
Юсниер Сорсано (Куба) - 500.
Төрехан Сабырханның жетістіктері

Еске салайық, қазан айында қазақстандық боксшы Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өткен 2026 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы атанды. 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ол Зейяд Ишаишті төрешілердің ортақ шешімімен жеңді.

Сонымен қатар Сабырхан - 2025 жылғы әлем чемпионы және 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport