1XBET - ставки на спорт

Жарнама

Бокс
Бүгін 10:11
 

World Boxing қазақастандық боксшыларға қатысты шешімін жариялады

  Пікірлер

blog.share

World Boxing қазақастандық боксшыларға қатысты шешімін жариялады ©ҚБФ

World Boxing халықаралық ұйымы әуесқой боксшылардың жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады.

blog.share

World Boxing халықаралық ұйымы әуесқой боксшылардың жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады.

Жаңартылған рейтингте қазақстандық былғары қолғап шеберлері бірнеше салмақ дәрежесінде көш басындағы орындарын сақтап қалды.

Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұт Сабырхан (55 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары), Наталья Богданова (70 келіге дейін) рейтингтің бірінші сатысында тұр.

Екінші орынға Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін) және Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) жайғасты.

Ал үздік үштікті Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Надежда Рябец (80 келіге дейін), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары), Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін), Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) және Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін) түйіндеді.

Айта кетейік, 15-21 маусым аралығында Гуйян қаласында (Қытай) бокстан Әлем кубогының екінші кезеңі өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!