Бокс
10 қыркүйек 15:08

World Boxing қазақ боксшының ӘЧ-дегі нокаутына пікір білдірді

©instagram.com/boxingkazakhstan

World Boxing халықаралық спорттық ұйымы Ливерпуль (Англия) қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Махмұт Сабырханның жылдам жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 1/8 финалда Сабырхан Косово елінің боксшысы Башким Бажокумен жұдырықтасып, алғашқы раундтың 30-секундында-ақ оны нокаутқа түсірді. 

“55 келі салмақта тамаша өнер көрсеткен қазақстандық Махмұт Сабырхан бірінші раундта косоволық Башким Бажокуды нокаутпен жеңіп, жапон боксшысы Руи Ямагучиге қарсы жүлделік жекпе-жекке жолдама алды. Бұл кездесу сәрсенбі күні өтеді.

Сабырханның нокауты Қазақстан құрамасы үшін өте сәтті өткен сессиядағы жарқын сәттердің бірі болды. Қазақстандықтар бұл күні төрт жекпе-жектің бәрінде жеңіске жетті”, — деп жазады World Boxing.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport