World Boxing ұйымы Ливерпуль (Англия) қаласында өткізген алғашқы әлем чемпионатының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Әңгіме ерлер арасындағы турнир жайында. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы төрт алтын жеңіп алып, жалпы есепте екінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды алты алтын және бір күміс еншілеген көрші Өзбекстан құрамасы иеленді.
"Бокстан алғашқы әлем чемпионатындағы ерлер турнирінің бейресми жүлделік кестесі!
Өзбекстан құрамасы көш бастап тұр, ал Қазақстан құрамасы оларды өкшелеп келеді. Таңғаларлығы – ерлер арасындағы барлық алтын жүлдені осы екі ел өзара бөлісіп алды.
Үздік бестікке Бразилия, Англия және Жапония командалары да енді. Барлық жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз - бұл тамаша нәтиже мен үлкен еңбектің жемісі!", – делінген хабарламада.
Жарнама