Бокс
24 қараша 10:43
 

World Boxing басшысы атанған Головкин қоштасу айқасы жайлы сөз етті

  Пікірлер

blog.share

World Boxing басшысы атанған Головкин қоштасу айқасы жайлы сөз етті ©

Геннадий Головкин Vesti.kz тілшісімен әңгімесінде World Boxing ұйымының президенті болып сайланғанна кейін ұйымды реформалау жоспары туралы айтып, болуы мүмкін қоштасу айқасы жайлы пікір білдірді.

blog.share

Геннадий Головкин Vesti.kz тілшісімен әңгімесінде World Boxing ұйымының президенті болып сайланғанна кейін ұйымды реформалау жоспары туралы айтып, болуы мүмкін қоштасу айқасы жайлы пікір білдірді.

Еске салайық, кеше, 23 қарашада, орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин Римде (Италия) өткен Конгресс аясында ресми түрде World Boxing ұйымының жаңа басшысы болып сайланды.

"Мен бұл спортты қолдайтын жанкүйерлерге ғана емес, біздің жерлестерімізге, бүкіл Қазақстанға және осы спорт түріне бейжай қарамайтын барлық адамға өте ризамын. Қазір біз қай деңгейде тұрғанымызды анықтаймыз және әрі қарай дамимыз деп ойлаймын", - деді Головкин.

- Сізде жеке қатысуды талап ететін реформалық бағдарлама бар. Сіздің жеке мотивацияңыз неде?

"Бұл, негізінен, мені осында келуге итермелеген дүниелер".

- Осы Конгреске дейін сіз қоштасу айқасы туралы айтып, көпшілікті дүрліктірдіңіз. Қазір бұл тақырып толық жабылды деуге бола ма?

"Қоштасу айқасы әрқашан күн тәртібінде. Сондықтан осы қоштасу айқасы үшін жұдырықты түйіп ұстаймыз", — деді Головкин.

World Boxing - 2023 жылы Халықаралық олимпиадалық комитет IBA ұйымын (бұрынғы AIBA) қаржылық ашықтықтың болмауы және сыбайлас жемқорлық жанжалдары секілді бұзушылықтар үшін мойындаудан бас тартқаннан кейін құрылған халықаралық спорт ұйымы. Бүгінде дәл осы World Boxing әуесқой боксты дамыту мен реттеуге жауап береді.

2024 жылдың қыркүйегінде Геннадий Головкин ұйымның олимпиадалық комиссиясын басқарды және түрлі елдердің ұлттық федерацияларының World Boxing ұйымын мойындауына, сондай-ақ, бокстың 2028 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары бағдарламасында қалуына үлкен үлес қосты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!