Бокс
28 қазан 2019 10:24
 
WBO ұйымы Қанат Ислам мен Каутондокваның жекпе-жегі бойынша ресми мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

WBO ұйымы Қанат Ислам мен Каутондокваның жекпе-жегі бойынша ресми мәлімдеме жасады © Qazaq Promotions

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) сайтында қазақстандық Қанат Ислам мен намибиялық Уолтер Каутондоквамен өткен жекпе-жек бойынша есеп ұсынды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Каутондокваның күш-жігері мен төзімділігі төрешілердің оның пайдасына шешім шығаруға жетіңкіремеді. Ислам бірауыздан жеңіске жетті. Осылайша, рекордсы 27-0 (21 КО)көрсеткішіне жеткен қазақстандық боксшы WBO рейтингінде 8-орында келеді. Енді бұл тізімде одан да жоғары көтерілер. Бұл Қанат үшін ең сәтті жекпе-жек болмаса да, ол жеңіп, төрешілердің өз пайдасына шешім шығаруына барын салды", - деп жазады WBO.

Боксшылар арасындағы кездесу 26 қазанда Алматыда өткен болатын, судьялардың шешімі бойынша қазақстандық боксшы чемпиондық атағын қорғап қалған еді.

Кейінірек Қанат Исламның жекпе-жектің жартысынан бастап сынған қолмен жұдырықтасқаны жайлы айтылды. Боксшының командасының өкілдері жетінші раундтан бастап Қанат Ислам шынашағы сынғанына қарамастан жұдырықтасқан дейді. Сол себепті ол қарсыласына ауыр соққы дарыта алмаған. Жекпе-жектен соң боксшының қолына гипс салған екен.

Жарнама

Живи спортом!