Лондонда жергілікті боксшылар Зак Паркер (22-1, 16 КО) мен Джон Райдер (32-5, 18 КО) суперорта салмақта WBO "уақытша" чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды vRINGe.com.
Бұл айқаста андердог есептелген Райдер жеңісті тойлады. Төртінші раундта фаворит қолының жарақатына қатысты жекпе-жекті жалғастыра алмайтынын мәлімдеді. Бұған екі боксшының да көңілі түсіп кетті.
Енді мамырда Райдер мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен айқасады, өйткені ол Саульге тиесілі WBO белебуіне міндетті үміткер болып отыр.