Филиппиннің Мандауэ қаласындағы Mandaue City Sports and Cultural Complex спорт кешенінде өткен бокс кешінде екі бірдей жекпе-жек бірінші раундта аяқталды.
Кештің басты айқасында жергілікті боксшылар Рамил Макадо (8-1, 4 КО) мен Лоренц Думам-аг (10-0-1, 7 КО) ең жеңіл салмақта WBO Global белебуі үшін жұдырықтасты. Думам-аг бұл айқаста қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді.
Тағы бір жекпе-жекте әлемнің бұрынғы чемпионы Вик Саулдар (25-6, 15 КО) таиландтық Санчай Йотбоонды (14-8, 9 КО) бір соққымен құлатып, ең жеңіл салмақта WBO Global титулын иеленді.