Бокс
25 шілде 10:00

WBO титул жеңіп алған боксшыға қатысты кері шешім шығарды

©instagram.com/sultanzaurbek

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Атап айтқанда, екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек (20-0, 13 KO) бір саты төмендеп, өз дивизионында 15-орынға жайғасты.

Еске сала кетейік, 5 сәуір күні Астанада өткен бокс кешінде Заурбек оңтүстікафрикалық Азинга Фузилені (18-3, 12 KO) төрешілер шешімімен жеңіп, екінші жартылай жеңіл салмақта IBF Inter-Continental белбеуін иеленген болатын.

Заурбектің кәсіпқой рингтегі статистикасы - 20 жекпе-жек, 20 жеңіс, 13 нокаут.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport