auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

WBO президенті Головкинге тамсанды және "Канеломен" трилогия жайлы ойын айтты

Қазақстандық Альваресті үшінші рет жұдырықтасуға шақырған.

WBO президенті Головкинге тамсанды және "Канеломен" трилогия жайлы ойын айтты
© Тұрар Қазанғапов
0
Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) президенті Франциско Валькарсель "Р-Спорт" порталына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкинді (39-1-1, 34 КО) керемет боксшы есептейтінін және мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (52-1-2, 35 КО) жекпе-жекте ешкім басым болмайтынын айтты.

- Мұндай жекпе-жекті тағы бір тамашалар едім, - дейді Валькарсель GGG мен "Канелоның" болуы мүмкін үшінші жекпе-жегі жайлы.

- Головкинде мүмкіндік бола ма? Жасарып келе жатқан жоқ қой.
- Жасты ұмытыңыздар, бокста бәрі мүмкін. Әрине, адамдар "Канелоны" фаворит деп есептейді, бірақ, бұған үлкен мән беруге болмайды. Ол тамаша боксшы, алайда, Геннадий де керемет.

- Головкин соңғы жекпе-жегінде неге анық әлсіз қарсылас таңдады?
- "Канело" да екінші орта салмаққа өтіп, Британиядан тыс жерде көп тани бермейтін боксшымен жұдырықтасқанын ұмытпаңыздар (Рокки Филдинг - Vesti.kz ескермесі). Дегенмен екеуі де үлкен жекпе-жекке ұмтылып жүр, сондықтан трилогияның болу ықтималдығы өте жоғары.

Еске салайық, Головкин 8 маусымда канадалық Стив Роллсты (19-1, 10 КО) жеңіп, Альваресті жекпе-жекке шақырды. GGG "Канеломен" екінші жекпе-жекте карьерасында алғаш жеңіліп, WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айырылған.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар