WBO президенті Әлімханұлы 31 нокауты бар мексикалықпен айқасатынын айтып қалды

©instagram.com/janibek_alimkhanuly/

Орта салмақта өнер көрсететін мексикалық боксшы Хайме Мунгия (39-0, 31 КО) америкалық Димитриус Балларды (21-1-1, 13 КО) жеңгеннен кейін өзіне келесі қарсылас іздестіруде, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Хайме Мунгия келесі айқасын қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (11-0, 7 КО) өткізуі әбден мүмкін. Мұны WBO ұйымының президенті Франсиско Валкарсель айтты. 

"Мунгия өзінің туған қаласы Тихуанада Баллардты әдемі жеңді. Бірақ ол әлемдік рейтингте екінші тұрған Жәнібек Әлімханұлын жеңе ала ма? Күтіңіздер. Жуырда анықтаймыз", - деді Валкарсель. 

Ал өз кезегінде Әлімханұлы кез-келген қарсыласпен кездесуге дайын екенін айтып, мәлімдеме жасады

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport