Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBO) барлық салмақтағы рейтингін жаңартты, ондағы өзгерістер қазақстандық боксшыларға да қатысты болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бір қызығы екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов 14-орынан бір саты жоғарлап, рейтингте он үшінші болды. Еске салайық, бұл ұйымның орта салмақта чемпионы Жәнібек Әлімханұлы.
Бірақ Ахмедов кейінгі айқасында нокаутпен жеңілген болатын.
28 ақпан Астанада өткен бокс кешінде Али польшалық Мацей Сулецкимен (33-3, 13 КО) жұдырықтасып, төрт рет нокдаунға түседі. Осыдан кейін төреші оныншы раундта жекпе-жекті тоқтатып, Ахмедов техникалық нокаутпен жеңілді.
Ал польшалық боксшы осы жеңіс арқасында екінші орта дивизионда WBC Silve титулын иеленді. Ахмедов болса карьерасында екінші рет жеңілді.
Жарнама