Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингтерін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек (20-0, 13 КО) бұған дейін екінші жеңіл салмақта 14-орында тұрған еді, алайда, жаңа рейтингте WBO тізімінен шығарылды.
Бұл салмақтағы WBO чемпионы - мексикалық Эмануэль Наваррете. Ал алғашқы үштікке филиппиндік Чарли Суарес, аустралиялық Лиам Уилсон және жапониялық Кеничи Огава енген.
Зауырбек соңғы жекпе-жегін 5 сәуір күні Астана қаласында өткізді. Сол кездесуде ол оңтүстікафрикалық Азинга Фузиле боксшысын төрешілердің шешімімен жеңіп, екінші жеңіл салмақта бос болған IBF Inter-Continental белбеуін жеңіп алды.
Айта кетейік, Сұлтан Зауырбек кәсіпқой карьерасының бір бөлігін Ұлыбритания рингтерінде өткізіп, сол жерде "Қазақтың нокауттар патшасы" деген лақап атқа ие болған.