WBO Қанат Исламды рейтингтен шығарып тастады

©instagram.com/islamkanatqazaq

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-1, 22 КО) карьерасындағы бірінші жеңілісінен кейін Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) рейтингінен шығып қалды, деп жазады Vesti.kz

Қанат Ислам WBO титулынан жекпе-жексіз айырылды

Ақпан айында жаңартылған рейтингте 37 жастағы қазақстандық боксшы сегізінші орында тұрған еді. Ал британиялық Джимми Келлиден (26-2, 10 КО) жеңілгеннен кейін отандасымыз рейтингтен шығып қалды. 

Қанат Исламның рейтингтегі орнын 29 жастағы Келли басты. 

Қанат Исламға жекпе-жекке шығуға тыйым салынды

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport