Бокс
7 тамыз 12:09

WBO Жәнібек Әлімханұлына қатысты мәлімдеме жасады

©Тұрар Қазанғапов

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы чемпион қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын (17-0, 12 KO) сипаттап жазба жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Жәнібек патша. Қазақстаннан шыққан ерекше талант", - делінген WBO жариялаған жазбада.


Айта кетейік, бұған дейін WBO ұйымы орта салмақта іріктеу жекпе-жегін өткізу үшін келіссөз бастауды ұсынған болатын. Бұл жекпе-жек британиялық Дензел Бентли (21-3-1, 17 KO) мен венесуэлалық Эндри Сааведра (17-1-1, 14 KO) арасында өтпек. Бұл айқастың жеңімпазы белбеудің қазіргі иесі Жыланды ауылында туған Жәнібек Әлімханұлымен кездесуге мүмкіндік алады.

Сондай-ақ, Жәнібек WBO белбеуінен бөлек, Халықаралық бокс федерациясының (IBF) нұсқасы бойынша да орта салмақта әлем чемпионы екенін айта кетейік.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport