Бокс
Бүгін 09:53

WBO допинг дауынан кейін Әлімханұлына қатысты шешім қабылдады

©Top Rank

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы жуырдағы допинг дауына қарамастан, WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпион атағын сақтап қалды. Бұл дивизиондағы үздік үштікке ұлыбританиялық Дензел Бентли, венесуэлалық Эндри Сааведра және кубалық Йоэнлис Эрнандес кірді.

Еске салайық, желтоқсан айының басында Жәнібектің допинг сынамасы оң нәтиже көрсетті — оның ағзасынан табылған. Соның салдарынан 7 желтоқсанға жоспарланған WBA чемпионы, кубалық Эрисланди Ларамен титул біріктіретін жекпе-жек өтпей қалды, ал WBO аталған жағдайға байланысты ішкі тергеу бастады.

8 желтоқсанға В сынамасын ашу жоспарланған. Егер ол да оң нәтиже берсе, Әлімханұлы чемпиондық белбеулерінен айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, боксшыны дисквалификациялау қаупі бар. Қазіргі таңда қазақстандықта WBO-дан бөлек, орта салмақтағы IBF белбеуі де бар. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport