Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBO) бірінші орта салмақта абсолют әлем чемпионы америкалық Джермелл Чарлоны аталмыш салмақтың титулына үміткер аустралиялық Тим Цзюмен жекпе-жек өткізуге міндеттеді. Бұл туралы BoxingScene мәлімдеді.
Осыған байланысты қос тарап 20 маусымға дейін бокс кешіне қатысты келіссөздер жүргізуі тиіс.
Шыққан тегі ресейлік Тим Цзю соңғы рет 26 наурызда Миннеаполисте (Миннесата, АҚШ) америкалық Террелл Гушемен қолғап түйістіріп, төрешілер шешімімен (12 раунд) жеңіске жеткен еді. Нәтижесінде әйгілі Костя Цзюдің ұлы кәсіпқой бокстағы 21 кездесуінің барлығында (15 нокаут) жеңіске жетті.