Бокс
Бүгін 15:23

WBO чемпионы Әлімханұлымен жекпе-жектен бас тартатынын ашық айтты

©instagram.com/hamzahsheeraz

Екінші орта салмақта WBO чемпионы Хамза Шираз (24-0-1, 19 КО) қаржылық тұрғыдан тиімді ұсыныс болмаса, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) титулды айқастан бас тартуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

Шираз ұсыныс күтуде

Бұған дейін тараптар жекпе-жек өткізу жөнінде ортақ келісімге келе алмаған. Осыдан кейін WBO промоутерлік сауда өткізуді белгіледі. Ол 16 қыркүйекте өтеді, себебі Queensberry Promotions пен Top Rank келісімге келе алмады.

Шираздың өзі жекпе-жек өткізуге дайын екенін, алайда лайықты гонорар күтетінін айтты.

"Біз жұдырықтасамыз. Бұл жекпе-жекті қабылдаймыз. Бастайық. Маған әзірге ешкім ешқандай ұсыныс жасаған жоқ. Queensberry-ден ұсыныс түскен жоқ. Top Rank-тен де ұсыныс болмады. Енді жекпе-жек промоутерлік саудаға шығарылады, сондықтан не болатынын көреміз. Біз - кәсіпқой боксшылармыз. Лайықты ақша үшін жұдырықтасамыз. Менің мансабымдағы ең маңызды жекпе-жек үшін ұсынылатын гонорар белгілі бір сәтте тым төмен болуы мүмкін деп ойлаймын. Ондай жағдайда бұл жекпе-жектің мен үшін мәні жоқ, әсіресе өзімнің чемпион екенімді ескерсек", - деді Шираз Mr. Verzace подкастында.

Шираз титулдан бас тартып, Әлімханұлымен жекпе-жекке шықпай ма?

Boxingnews24 басылымының пікірінше, егер промоутерлік саудадағы жеңімпаздың ұсынысы жеткілікті болмаса, Шираз Әлімханұлымен жекпе-жек өткізгеннен гөрі титулынан бас тартуы мүмкін.

Қазақстандық боксшы орта салмақтан екінші орта дивизионға ауысқаннан кейін міндетті үміткер мәртебесіне ие болды. Қыркүйектің басында Әлімханұлы жаңа салмақта WBO рейтингінде де бірінші орынға көтерілді.

Бұған дейін Жәнібек орта салмақта WBO және IBF чемпионы болған. Алайда 2025 жылдың соңында допинг сынамасы оң нәтиже бергеннен кейін IBF титулынан айырылып, WBO тарапынан бір жылға дисквалификацияланды. Бұл ретте ұйым оның чемпиондық белдігін сақтап қалды. Жазда қазақстандық боксшы титулдан бас тартып, екінші орта салмаққа ауысатынын жариялады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport