Бокс
23 шілде 11:43

WBO Биволға қатысты шешім шығарды

©Instagram/bivol_d

Ресейлік чемпион Дмитрий Бивол (24-1, 12 KO) WBO белбеуін міндетті түрде қорғауға алаңдамай, бар назарын Артур Бетербиевпен үшінші жекпе-жекке толық аудара алады, деп хабарлайды Vesti.kz "Матч ТВ"-ға сілтеме жасап.

WBO ұйымы ресейлік боксшылар арасындағы трилогия аяқталғанға дейін чемпиондық белбеуді қорғауды талап етпейтінін мәлімдеді.

Оның орнына WBO жартылай ауыр салмақтағы уақытша чемпион, британиялық Каллум Смитке кубалық Давид Морреллмен жекпе-жек өткізу міндетін жүктеді. Бұл шешім Биволдың жылдың атаулы айқасына толық дайындалуына мүмкіндік береді.

Еске салайық, 2024 жылдың күзінде Артур Бетербиев төрешілердің бөлек шешімімен Биволды жеңіп, абсолют әлем чемпионы атанған еді. 2025 жылдың ақпанында қарымта кездесуде Бивол жеңіске жетті.

Алайда үшінші кездесуге жол ашу үшін Дмитрий WBC белбеуінен бас тартып, америкалық Давид Бенавидеспен жекпе-жекке шықпады.

Бивол (24-1, 12 KO) мен Бетербиевтің (21-1, 20 KO) шешуші кездесуінің нақты күні мен орны әзірге жарияланған жоқ, дегенмен, бұл айқас екі чемпион арасындағы тарихи қарсыластықтың шарықтау шегі болмақ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport