Жартылай ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы, ресейліктер Дмитрий Бивол (24-1, 12 KO) және Артур Бетербиев (21-1, 20 KO) арасындағы текетірестің жаңа мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Биволдан тағы бір белбеуді тартып алмақБұған дейін британиялық боксшы Каллум Смит (31-2, 22 KO) Дүниежүзілік бокс ұйымына (WBO) ресми сұраныс жолдап, Биволмен міндетті титулдық айқас өткізуді талап еткен болатын. Алайда EB дерегіне сәйкес, WBO бұл өтінішті қабылдамай, 35 жастағы Смитке кері жауап қайтарды.
Ұйым Бивол мен Бетербиев арасындағы үшінші жекпе-жекті өткізуге рұқсат беріп, осы тарихи трилогияға жол ашты. Сонымен қатар, Смитке WBO ұйымының "уақытша" белбеуін сақтап қалуға мүмкіндік берілді. Енді ол бұл титулды өз отандасы Энтони Ярдпен (26-3, 24 KO) болатын айқаста қорғайды.
2024 жылдың сәуір айында Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) Биволға қатаң талап қойып, оны америкалық Дэвид Бенавидеспен (30-0, 24 KO) жекпе-жекке шығуға міндеттеген болатын. Алайда Бивол бұл жекпе-жектен бас тартып, абсолют чемпион атағынан өз еркімен айырылды. Ол Бетербиевпен өтетін үшінші кездесу үшін WBC белбеуін құрбан етіп отыр.
Алдыңғы екі жекпе-жек тарихыЕске салайық, Бивол мен Бетербиев арасындағы алғашқы кездесу 2024 жылдың қазанында өтіп, төрешілер шешімімен Артур Бетербиев жеңіске жеткен еді. Ал 2025 жылдың ақпанында өткен қарымта айқаста Бивол басым түсті.