Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) Жәнібек Әлімханұлынан (16-0, 11 КО) жаңа зеландиялық Андрей Михайловичпен (21-1, 13 КО) жекпе-жекте титулды неге қорғамағанын түсіндіруді талап етіп отыр.
WBO мәлімдемесінде 4 қазан Сиднейде өткен Әлімханұлы - Михайлович жекпе-жегінде орта салмақта IBF белбеуі ғана сарапқа салынғаны және Әлімханұлы орта салмақта WBO чемпионы бола тұра Бүкіләлемдік бокс ұйымының титулын қорғауды елеусіз қалдырғаны айтылған.
Осылайша, Жәнібектің командасына WBO тиулы неге қорғалмағанын 5 күн ішінде түсіндіру талап етілді, олай болмаған жағдайда Бүкіләлемдік бокс ұйымы белбеуді Әлімханұлынан алып қоймақ.