WBO белбеуіне таласқан. Қанат Ислам 25 қарсыласын жеңген боксшымен жұдырықтасады
Орта салмақтағы қазақ боксшы Қанат Исламның (28-0, 22 КО) келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Орта салмақтағы қазақ боксшы Қанат Исламның (28-0, 22 КО) келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
2022 жылдың 21 қаңтарында Плант-Ситиде өтетін он раундтық айқаста Қанат британиялық Джимми Келлимен (25-2, 10 КО) жұдырықтасады.
29 жастағы Келли кейінгі рет 12 желтоқсанда рингке шығып, отандасы Гарри Мэттьюсті (16-50-3, 2 КО) нокаутқа түсірді. 2015 жылы Джимми бірінші орта салмақта WBO белбеуі үшін Лиам Смитпен (30-3-1, 17 КО) кездесу өткізген, алайда, техникалық нокаутпен жеңілді.
Қанат Ислам кейінгі рет Майамиде жекпе-жек өткізіп, эквадорлық Джейсон Минданы (14-4-1, 8 КО) жетінші раундта сұлатқан еді.
Жарнама