Бокс
3 желтоқсан 11:00
 

WBO басшысы Әлімханұлының допинг дауына қатысты шешімін жариялады

  Пікірлер

blog.share

WBO басшысы Әлімханұлының допинг дауына қатысты шешімін жариялады ©Top Rank

Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) президенті Густаво Оливьери орта салмақта ұйым чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) айналасындағы допинг дауына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) президенті Густаво Оливьери орта салмақта ұйым чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) айналасындағы допинг дауына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның айтуынша, ұйым VADA тарапынан қазақстандық боксшының тест нәтижесі туралы ресми хабарлама алған. Осыған байланысты WBO белгіленген әкімшілік процедураны іске қосады.

"WBO VADA тарапынан көрсетілген боксшыда жағымсыз талдау (оң нәтиже) анықталғаны туралы ресми хабарламаны алғанын растайды. Осыған байланысты Show Cause ("Түсініктеме беріңіз") деп аталатын ресми ескерту арқылы әкімшілік процесс басталады.

WBO боксшыға және оның өкілдеріне барлық құқықтарды, тиісті тыңдауды және барлық тиісті дәлелдер, түсініктемелер мен растайтын құжаттарды ұсыну мүмкіндігін береді.

WBO өзінің антидопинг бағдарламасы қатаң жауапкершілік қағидасы бойынша жұмыс істейтінін ерекше атап өтеді. Бұл WBO қатысушысының ағзасынан тыйым салынған зат табылған жағдайда, бұзушылықты анықтау үшін ниет, кінә, немқұрайлылық немесе қасақана дегенге қарамайды.

Спортшының жеке міндеті - тыйым салынған заттардың оның ағзасына түспеуін бақылау. Боксшы анықталған кез келген тыйым салынған зат үшін толық жауап береді", - деп жазды Оливьери әлеуметтік желілерде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!