Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) ресми түрде британиялық Лиам Смитке (33-3-1, 20 КО) қарсы жекпе-жекте титулын екінші рет қорғайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
WBO екі тарапты айқасты ұйымдастыру бойынша келіссөзді бастауға міндеттеді. Боксшылардың командасына ымыраға келу үшін 20 күн берілді. Егер боксшылар келісімге келе алмаса, WBO ержесі бойынша жекпе-жекті өткізу құқы сатылады.
Айта кетейік, Смит қаңтар айында отандасы Крис Юбенкті (32-3, 23 КО) төртінші раундта нокаутқа түсіріп, сенсация жасаған болатын.