Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (17–0, 12 KO) жағдайына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Әлімханұлы мен Лара айқасы допинг нәтижесіне қатысты өтпейді
"WBO орта салмақ чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кубалық Эрисланди Ларамен (31–3–3, 19 KO) жоспарланған жекпе-жек алдында VADA тестінен кейін жағымсыз талдау нәтижесін алғанын растады. Қазіргі уақытта ішкі тексеріс жүргізіліп жатыр және түсініктеме беру қажеттілігі туралы ресми хабарлама жіберіледі. Қосымша пікірлер рәсім толық аяқталғаннан кейін ғана беріледі", - делінген ұйымның мәлімдемесінде.