Бокс
Бүгін 10:50

WBO Әлімханұлының чемпиондық айқасына қатысты мәлімдеме жасады

©Тұрар Қазанғапов

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) мен жеңіліп көрмеген даниялық Якоб Бэнк (20-0, 11 KO) арасындағы алдағы жекпе-жекке назар аударды. Боксшылар екінші орта салмақтағы бос тұрған әлем чемпионы атағын сарапқа салады, деп хабарлайды Vesti.kz.

WBO жекпе-жекке қызығушылықты арттырды

Ұйымның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жекпе-жектің постері жарияланды. Жазбада мынадай сұрақ қойылған:

"Бұл айқаста жеңіске кім жетеді?"

Әлімханұлы мен Бэнк арасындағы кездесу 2027 жылдың 23 қаңтарында Данияның Хорсенс қаласында өтеді. Жеңімпаз екінші орта салмақта WBO чемпионы атанады. Бұған дейін бұл белбеу британиялық Хамза Ширазға тиесілі болған.

Әлімханұлы салмақ дәрежесін өзгертті

Жазда қазақстандық боксшы екінші орта дивизионға көтеріліп, орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуін босатты. Қыркүйектің басында ол жаңа салмақ дәрежесінде ұйым рейтингінің көшін бастады.

Әлімханұлы соңғы рет шаршы алаңға былтыр сәуірде Астанада шығып, франциялық боксшысы Анауэль Нгамиссенгені нокаутқа түсірген еді.

Ал Бэнк соңғы жекпе-жегін 25 шілдеде Сауд Арабиясының Жидда қаласында өткізіп, британиялық Павел Августыникті жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport