Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) мен британиялық Хамза Шираз (24-0-1, 19 КО) арасындағы жекпе-жек бойынша келіссөзге жаңа мерзім белгіледі, деп хабарлайды Vesti.kz.
WBO ресми мәлімдеме жасады
Top Rank пен Queensberry Promotions компаниялары Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз арасындағы титулдық жекпе-жек бойынша келіссөздер мерзімін тағы бір аптаға ұзартуды сұрап, WBO-ға бірлескен өтініш жолдаған.
Осыған байланысты тараптарға келіссөзді аяқтап, келісілген келісімшартты ұйымға ұсыну үшін 2026 жылғы 10 қыркүйек, сағат 17:00-ге дейін (AST) уақыт берілді.
Егер белгіленген мерзімде ортақ келісім жасалмаса, WBO чемпиондық титулдар жөніндегі комитеті жекпе-жекке промоутерлік сауда белгілейді.
Жарнама