Бокс
15 шілде 14:33

WBO Әлімханұлына қарсылас дайындап жатыр

©X/Janibek Alimkhanuly

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы іріктеу жекпе-жегін өткізу үшін британиялық Дензел Бентли (21-3-1, 17 KO) мен венесуэлалық Эндри Сааведраның (17-1-1, 14 KO) арасында келіссөзді бастауға шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жекпе-жекте WBO тұжырымы бойынша ресми үміткер мәртебесі сарапқа салынады. Чемпиондық белбеу қазір жеңілмеген қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлына (17-0, 12 KO) тиесілі.

Бентли мен Сааведра арасындағы айқасты ұйымдастыру бастамасын бұған дейін WBO президенті Густаво Оливьери растаған болатын, енді қалғаны командалардың еншісінде.

Бір қызығы, Бентли 2022 жылдың қарашасында Әлімханұлымен кездесіп, сол кезде қазақстандыққа төрешілер шешімімен жеңілген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport