Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақта әлем чемпионы Деметриус Андрадені (31-0, 19 КО) белбеуін Жәнібек Әлімханұлымен (12-0, 8 КО) жекпе-жекте қорғауға міндеттеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Продолжение
WBA Әлімханұлын нокаутпен жеңіс үшін "жазалап" отыр
Боксшылардың командаларында жекпе-жекті ұйымдастыруға келісу үшін 30 күн уақыттары бар. Егер тараптар келісімге келе алмаса, онда кемі 200 000 доллар межесінен бастап промоутерлік сауда белгіленеді.
Еске салайық, Әлімханұлы WBO ұйымының уақытша чемпионы. Бұл белбеуді Жәнібек британиялық Дэнни Дигнуммен (14-1-1, 8 КО) айқаста жеңіп алған.