Бокс
21 қараша 2022 10:30

WBO Әлімханұлын "Канело" ізбасарымен жекпе-жекке міндеттеді

©

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақта чемпион Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) мен мексикалық Хайме Мунгия (41-0, 33 КО) арасында жекпе-жек белгіледі, деп хабарлайды vRINGe.com.

Еске салайық, осыған дейін WBO ұйымының президенті Пако Валькарсель Әлімханұлы - Дензел Бентли және Мунгия - Кория арасындағы айқас жеңімпаздары бір-бірімен жұдырықтасатынын мәлімдеген еді. 

Енді - ресми.

"WBO ұйымының чемпиондық комитеті Хайме Мунгия мен Жәнібек Әлімханұлы арасындағы жекпе-жек бойынша тараптарға келіссөз бастауға жарлық етеді. Екі жаққа келісімге келу үшін 15 күн уақыт беріледі", - делінген ұйымның боксшыларға жолдаған хатта. 

Әйгілі промоутер "Канело" үшін ең қауіпті қазақ боксшыны атады

Айта кетейік, Мунгияны көпшілік әйгілі мексикалық Сауль "Канело" Альварестің ізбасары атап кеткен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport