Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) екінші орта салмақ чемпионы Хамза Шираз бен оның міндетті қарсыласы Жәнібек Әлімханұлы арасындағы титулды жекпе-жекке ресми түрде промоутерлік сауда белгіледі, деп хабарлайды Vesti.kz.
Purse Bid рәсімі бүгін, 16 қыркүйекте Қазақстан уақытымен сағат 23:00-де Пуэрто-Рикодағы Сан-Хуан қаласында орналасқан WBO штаб-пәтерінде өтеді. Боксшылардың командалары белгіленген мерзімге дейін ортақ келісімге келе алмағандықтан, жекпе-жекті ұйымдастыру құқығы ашық аукционда анықталады.
Алдағы сауданың негізгі талаптары:ең төменгі мөлшер: ұйымдастырушылар кемінде 300 мың доллар ұсынуы тиіс.
Тікелей трансляция: сауда барысы WBO-ның ресми цифрлық ресурстары мен YouTube арнасында тікелей көрсетіледі.
WBO ережесіне сәйкес, боксшылардың гонорары жекпе-жектің өтетін орнына байланысты бөлінеді:
А нұсқасы (75% - 25%): егер жекпе-жек Ұлыбританияда, яғни чемпионның отанында, оның тұрғылықты жерінде немесе бейтарап алаңда өтсе, Хамза Шираз жалпы гонорардың 75 пайызын, ал Жәнібек Әлімханұлы 25 пайызын алады.
B нұсқасы (80% - 20%): егер жекпе-жекті Қазақстанда немесе үміткердің азаматтығына сәйкес оның елінде өткізу мүмкін болса, қазіргі чемпионның үлесі 80 пайызға дейін артып, қазақстандық боксшы 20 пайыз алады.
Айта кетейік, Шираздың атынан Queensberry Promotions, ал Әлімханұлының атынан Top Rank промоутерлік компаниялары 10 қыркүйекке дейін келіссөзді еркін жүргізуге мүмкіндік алды. Алайда тараптар ортақ мәмілеге келе алмады.
Сонымен қатар бокс қауымдастығында Шираздың командасы алдағы саудада ұсынылған қаржыны тым төмен деп бағаласа, Хамза чемпиондық белбеуден бас тартуы мүмкін екені айтылуда.